Мектеп, жатақхана салған кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді

255

Шымкенттік кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауға ие жекеменшік мектептер мен жатақханалар құрылысының шарттары түсіндірілді. Бүгін кәсіпкерлер палатасында студенттік орындардың жетіспеушілігі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Шымкентте 25 мың оқушыға мектеп жетіспейді, тағы 3 мың студент жатақханалардағы орын жетіспегендіктен пәтер жалдауға мәжбүр болып отыр екен.

Сабаққа кешікпеу үшін көптеген шымкенттік оқушылар ұйқыдан кейбір құрдастарына қарағанда әлдеқайда ертерек тұруға мәжбүр. Себебі жақын маңдағы білім ұйымдарында барлығына бірдей орын жетпейді. Еліміздің Білім министрлігіндегілер 25 мың оқушы үйден алыс болмаса, үш ауысымда оқуға мәжбүр екендігін айтты. Жауаптылар енді мектептерді салу және жөндеу мәселесін шешуге кәсіпкерлерді тартып отыр. Оларды мемлекет қолдауға дайын.

Алпамыс САТЫБАЛДИН, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаментінің директоры: «Кез — келген кәсіпкер жан басына шаққандағы қаржыландыруға сене алады. Күрделі шығындар 96 АЕК 280 және операциялық шығындар 470 мың теңге орташа сома сыныптарға байланысты бұл жылына бюрократияны азайтады, егер 500 орындық мектеп салынса,онда оның 8 жылдағы күрделі шығындары 1,2 миллиард. Сонымен қатар, операциялық төлемдер мектеп жұмыс істеп тұрған кезде төленеді. Мұндай механизм 1 жыл ішінде 50 мың орындық мектеп салуға мүмкіндік берді».

Екі жыл ішінде шымкенттік кәсіпкерлер бірнеше мектеп салып, 10 мың оқушы партаға жайғасты. Бизнесмен Ермахан СӘЛМЕНОВ қарқынды дамып келе жатқан «Тұран» шағынауданында оқу орнын ашқан.

Ермахан СӘЛМЕНОВ, кәсіпкер: «2019 жылы біз «Тұран» шағынауданында 200 орындық мектеп аштық. Екі жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қазір осы шағынауданда 350 оқушыға арналған тағы бір мектеп салып жатырмыз, оны осы жылдың қыркүйек айында іске қосуды жоспарлап отырмыз».

Мейрамханаларды да мектепке айналдыруға болады. Алайда маңызды шарты ғимарат оқу стандарттарына сәйкес келуі керек.

Алпамыс САТЫБАЛДИН, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаментінің директоры: «Пайдалануға бермес бұрын олар СЭС-тен рұқсат алады, ол нысан барлық нормалар бойынша жарамды екенін растайды».

ҰБТ-дан сәтті өткен көптеген бірінші курс студенттерін қыркүйек айында жаңа сынақтар күтіп тұр. Өйткені жатақханаларда орын жетіспейді. Үш мың студент баспана жалдап тұруға мәжбүр. Салдарынан жастар қосымша ақша табуға мәжбүр. Сондықтан көптен күткен оқу өмір мектебіне айналады. Мәселеден шығудың жолы жаңа — ғимараттар салу.

Алпамыс САТЫБАЛДИН, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаментінің директоры: «Сіз кәсіпкерсіз, 500 орындық жатақхана салдыңыз делік. Әрбір төсек орын үшін 122 АЕК, яғни, 355 мың теңге төленеді. 500 орын үшін бұл — 177 миллион. Индекстеуді ескере отырып, төлемдер жыл сайын өседі. 8 жыл ішінде кәсіпкер 1,6 миллиард теңгеден астам қаражат алады. Ал жатақхана құрылысына орташа есеппен 1,2 миллиард теңге жұмсалады».

Кәсіпкерлер студенттерден жалдау ақысын алып, жатақхана аумағында асханалар, тренажер залдары, шаштараздар салып, қосымша табыс табуға да мүмкіндіктері бар.

Олжас Айдарбек