Түркістан: Келіні енесінің атынан несие алған

207

Түркістандық келін енесінің атынан жасырын түрде несие алған. Бұл туралы Арыс ауданының азаматшасы полицияға шағымданыпты.

Сөзінше бұрынғы келіні бұл былықты баласымен ажыраспай тұрып жасаған. Тамыз айында 50 мың теңгені жымысқы түрде қолды қылған оның қарызы бүгінде бірнеше есеге өскен.

Тергеп тексеру кезінде келіннің бұл қадамға өз қарызын жабу үшін барғаны белгілі болды. Осылайша енесінің ұялы телефоны арқылы несие алған. Кейін өз несиесін жауып, қалған қаржыны керегіне жаратқан екен.

Назерке Үкібасова