Түркістан: Оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды?

209

Түркістан облысы да төртінші тоқсанды бастауға дайын отыр. Жауаптылар сөзінше 300 оқушы білім алатын мектептер шәкірттерді қабылдауға дайын. Ал, оқушылар саны бұл көрсеткіштен артық болса, білім бұрынғыдай қос форматта беріледі. Атап айтсақ, информатика, құқық, музыка және еңбекке баулу сабақтары қашықтан оқылады.

Бұдан бөлек, жауаптылар балаларды бірінші сыныпқа қабылдау талаптарын жеткізді. Егов порталы арқылы өтініш қабылдау 1-сәуірден басталмақ. Айта кетейік, биыл өңірде 55 мың 6 жасқа толған бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

Назерке Үкібасова