Вакцина қабылдағасын ешкімге демалыс берілмейді. Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп отыр. Сөздерінше егер жұмысшы өзін тым әлсіз сезініп, ауыр тартса жұмысқа жарамсыздық парағын ашу керек. Ал, коронавирусқа қарсы екпе қабылдады екен деп елдің бәрін демалысқа жіберу тиімсіз дейді жауаптылар.
Ержан БІРЖАНОВ, ҚР Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі: «Жайсыз сезінуге қатысты айтар болсам, ондай адамдар көп емес. Вакцинадан кейін қандай да бір жанама әсер пайда болған жағдайда арнайы 30 минут беріліп, адам бақылауда болады. Егер қандай да бір жанама әсер болса, онда дәрігерге жүгіну керек. Дәрігерге жүгінген кезде симптомдар білінсе, еңбекке жарамсыздық парағын аштыра алады. Мұның бәрі жеке-жеке қаралады. Ал вакцинадан кейін барлығына жаппай демалыс беру мәселесін қарастыру тиімсіздеп ойлаймын».
Назерке Үкібасова