1 маусымда оқушылар үшін зообаққа кіру тегін

55

 1 маусымда оқушылар зообаққа тегін кіре алады. Осылай деген білім басқармасының басшысы үздік шәкірттерге де бөлек сый дайындалғанын айтады.

Олар үшін дендросаябақта пикник ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, балаларды қорғау күні жастар лигасында басталған футбол жарысының финалы болады. Жеңімпаз командаға қала әкімінің өзі 20 млн. теңге табыстайды.