1 шілдеден бастап елімізде «е-ӨТІНІШ» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді

505

Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова бастаған насихаттық топ Шымкентте. Жауаптылар елімізде 1-ші шілде енгізілетін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі және Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы қоғам белседілерін ақпараттандырды.Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» жоба аясында жүзеге асырылуда
Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР Президентінің Көмекшісі- ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі: «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды».

 

Шара барысында қоғам белсенділері с жаңа жүйеге қатысты өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды. Азаматтық Альянс қауымдастығы азаматтардың арыздарын қарау бойынша ұсыныстарын жеткізіп, жүйенің жұмыс істеуіне өз тараптарынан ықпал ететіндерін жеткізді.

Шынар Оразова