Кентауда жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен үйге қатысты дау-дамай өршіп тұр

121

Кентаулықтар жергілікті билік өкілдерінен жөндеу жұмыстарын аяқтауды талап етіп отыр. Абылай хан көшесіндегі №98 үй тұрғындарының айтуынша, олардың үйлерін жөндеу жұмыстары тоқтағалы бір жыл уақыт өткен. Мердігер компания мұның себебін жергілікті әкімдік жұмысқа ақы төлемеуінен деп отыр екен. Құрылысшылар да сол себепті кетіп қалған дейді.

Кентауда жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен үйге қатысты дау-дамай өршіп тұр. Тұрғындар жөндеу жұмысы деп айтуға келмейтін қызмет түріне ақы төлемейтінін айтады.

Рыскүл Тәлібаева, Кентау қаласының тұрғыны: «Мәселе жөндеу жұмыстарын  бастады да, бітірген жоқ. Сол бізде мәселе. «Мына есіктің алдына мынаның бәрін жақсылап тазалап береміз, бірақ балалар алаңшасын қоймаймыз деді, ол смета да жоқ» деп айтты бізге. Мақұл, оған да келістік. Енді біздің үйімізді бітіріп берсе болды».

Жөндеу жұмысының сапасы тұрғындар наразылығын тудырды. Енді олар кемшіліктерді жою үшін бірқатар шағымдар мен талаптар қойып отыр.

Рыскүл Тәлібаева, Кентау қаласының тұрғыны: «Әкімшілікте осы қаланы 2 жыл, 3 жыл басқарған әкімдердің суретін іліп қойған. Немен мақтануға болады? Біздің қаламыз үшін олар не істеді?».

Жөндеу жұмыстарына қатысты шенеуніктер тарапынан қойылатын сұрақ та аз емес. Жұмысты қабылдауға әлі ерте екені белгілі болды. «Құрылыс Кентау» мердігер компаниясының қаржысы таусылған көрінеді, сондықтан жөндеу жұмыстарын тоқтатуға тура келген екен.

Талғат Айтуғанұлы, «Құрылыс Кентау» компаниясының директоры: «Біз былтыр 126 үй бастағанбыз. Оның ішінде 3-4-де осындай мәселе бар. Олардың бәріне қазір ескерту хаттар жолданған. Олардың келісімшарты бар, өз қаражатымен бітіру керек олар. Маусым айында басталады, 1-1,5 айдың көлемінде бітіреді».

Үй тұрғындары жөндеу жұмыстарының ақысын төлеуге қарсы еместігін айтады. Бірақ, жасалған жұмыс тиянақты әрі сапалы болса екен дейді.