Шымкент: Жаңа ипподром құрылысын халық бақылайды

273

Қоғамда қызу талқыға түскен ескі ипподром төңірегіндегі дауға нүкте қойылды. Бүгін қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған ынталы топ жаңа ипподромның құрылысымен танысты. Қаланың іргесіндегі 39 гектарға жуық алаңда көкпар және де өзге ұлттық ойындарға арналған алаңдар мен трибуна  қарастырылған.Жобалық сметалық құжатта автотұрақтар мен атқора да бар. Жобаны жүзеге асырып жатқан еліміздегі ірі компаниялардың бірі құрылысты келер жылы Наурызды тойлауға дейін пайдалануға тапсырамыз деп жоспарлауда. Құрылыс барысын техникалық қадағалау мекемесі мен қоғам белсенділері бақылайды.

Нұрғазы БҰХАРБАЙ, қалалық мәслихат депутаты: «Ескі ипподромның  болашағы  төңірегінде көп пікір талас болды. Халықтың пікірі ескерілді. Қаланың іргесінде жаңа атшабар пайда болады. Қазір жаңа ипподромның құрылысы барлық халықаралық талаптарға сай салынып жатыр. Біз депутаттар болып, қоғам белсенділері құрылыстың барысын қадағалаймыз».

Шынар Оразова