Түлкібас ауданында алғаш рет соя егілді

222

 

Түлкібас ауданында алғаш рет сояның әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие жаңа сорты егілді. Тәжірибе оң нәтижесін берсе 2022 жылы соя дақылын (бұршақ тұқымдас өсімдік) өндірістік көлемін ұлғайтып 500-600 гектар жерге егу жоспарлануда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен арнайы келіп, тәжірибесімен бөліскен «Оңтүстік – Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты» ЖШС-нің атқарушы директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Тастанбекованың қатысуымен Жаскешу ауылдық округінің аумағындағы «Борсықсай» ЖШС-нің 2 гектар суғармалы жеріне ауданда соя дақылын жерсінуін бақылап, зерттеу мақсатында (тәжірибе ретінде) соя дақылын екті.

Өңірде суды үнемдеу, жер құнарын сақтау, арттыру және өнімді көбейту мақсатында бірқатар тың жобалар қолға алынған. Бұршақ тұқымдас соя дақылы әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие. Көптеген мемлекеттер оны ет тағамдарының орнына тұтынады. Жер құнарын арттыруға септігі де көп екен.

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі