Түркістан: 176 мыңнан аса тұрғын квиге қарсы екпе қабылдаған

86

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпе қабылдағандар қатары 176 мыңнан асты. Бұл туралы аймақ әкімінің қатысуымен өткен аппарат отырысында айтылды.

Жауаптылар сөзінше бүгінге дейін өңірде 700 мыңнан аса адамнан ПТР тест алынған. Ал, облыстағы жағдай әзірге тұрақты екен.

Айта кетейік, Түркістан облысы еліміздегі жасыл аймақты сақтап тұрған аз өңірлердің бірі.

Назерке Үкібасова