Түркістан: Алдағы жылыту маусымына 530 млн. теңге бөлініп қойды

64

Түркістан облысында келесі жылыту маусымына дайындық бақылауда. Бұл туралы өңір әкімі үкімет отырысында айтты.

Сөзінше өткен жылыту маусымы ешқандай шикіліксіз өткен. 8 аудан, 3 қалада жылу 1 сәуірге дейін берілсе, таулы аймақтарда маусым 15 мамырға дейін жалғасқан. Осылай деген Өмірзақ Шөкеев ол үшін 1 тонна көмір мен 6 тонна дизель кеткеннін айтады.

Алайда, осы кезеңде аймақта ірі табиғи құбылыс орын алып, салдарынан 95 елдімекен жарықсыз қалғанын да жеткізді.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі: «Бірақ, маусымның аяқ жағында 13-14 наурызда облыста өте сирек кездесетін табиғаи құбылыс болды. Нөсерлі жауын жауып, артынша бірден аяз ұрды. Соның арқасында электр желілерге мұз қатты. Диаметрі 5-7 см мұз қатты. Кейіннен жел тұрды. Соның салдарынан темір, бетон бағаналары қирады».

Табиғи құбылыс кесірінен кей аудандар бір айдан аса жарықсыз отырды. Жалпы қираған 5 мыңнан аса бағанадан 95 елді мекен жапа шеккен болатын. Бұл 35 мың абонентті құрайды.

Назерке Үкібасова