Түркістан басшысы әкімдіктің ескі ғимаратына қатысты пікір білдірді

136

Түркістан қаласының әкімдігі әкімдік ғимаратын сату аяқ астынан келген шешім еместігін айтқан еді.

Біріншіден осы арқылы қала қазынасы толықтырылса, екіншіден инвесторларды тарту көзделген екен. Осылайша төрт қабатты ғимарат электронды аукционда сатылған.

Бірақ, Түркістан облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотында алым саттық бойынша келісім жоққа шығарылыпты. Қала әкімі болса, жағдайды өзінше түсіндірді. Сөзінше әкімдік ғимараты алғашқы құнынан еш өзгертілмеген.

Рашид Аюповтың сөзінше алғашында ғимаратты ешкім сатып алмапты. Алайда, баға төмендетілген бойда иесі табылыпты. Ал оның бағасынан әкімдік бейхабар болған. Себебі электронды аукционда сатылым құнын, қатысушыны бақылап отыру әкімдік құзырында емес.

Соңында Түркістан әкімдігінің ғимаратын 74 жастағы көкшетаулық тұрғын сатып алғаны белгілі болды. Зейнеткер бұл ғимаратты қонақүйге айналдырмақ болған екен. Ал, қазір Түркістан қаласының әкімдігі бұрынғы тарихи мәдениет орталығында жұмыс істеуде.

Назерке Үкібасова