Түрмедегі әйелдер мерекелік бағдарлама әзірледі

185

Шымкенттегі ИЧ 167/4 түзеу мекемесінде соғысқа аттанып бара жатқан сарбаздардың әні шырқалды. Әйелдер колониясынжағы жазасын өтеушілер Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама дайындады.

Мерекелік кеште әрбір жасақ өз өнерлерін ортаға салды. Бірі би билесе, енді бірі Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқа да батыр қыздардың соғысқа қалай аттанғандығы туралы әсерлі қойылым көрсетті.

Көркем Тойшыбекқызы,  ИЧ 167/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші:
«Мен бұл жерде соғысқа аттанған қыздың анасының рөлін сомдаймын. Қызымды соғысқа шығарып саламын. 2-ақ күнде тез-тез дайындалдық. Неге десек қыздардың көбісі өте білімді, өте жақсы ойнайды. Керемет жақсы қыздар»,


Түзеу мекемесіндегілер әр мереке сайын осындай мерекелік бағдарлама әзірлейді екен. Мұндағы нәзік жандылар сахнадағы кез келген қойылымға бей-жай қарамайды. Қарапайым киімнен бастап, әрбір диалогқа дейін басты назарда ұстайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, жазасын өтеушілердің қоғамдық қызметке белсене қатысу арқылы режимін жеңілдетіп, қамауда ұстау мерзімін қысқартуларына болады.

Айнұр Әділбекова, ИЧ 167/4 түзеу мекемесінің бастығы: «Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шарамыз 9 май Жеңіс күніне арналады. 20 шақты азаматшалар қазір өздерінің өнерлерін көрсетеді. Олар өнерлерін көрсету барысында жаңағы марапаттауға ие болады».

Қазір бұл түзеу мекемесінде 241 адам бар. Мұнда жазасын өтеп жатқан әйелдер ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар. Яғни, қарақшылық, кісі өлтіру, есірткі контрабандасы үшін сотты болған.

Мөлдір Ибадуллаева