Абай ауданы: Табиғи газ қашан беріледі?

116

Маусым айының соңғы он күндігінде 322 мыңнан астам халқы бар Абай ауданында 17 мың абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылды.

Газ саласының мамандары мұның себебін алдағы жылу маусымында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында қолға алынған жөндеу, ретке келтіру жұмыстарымен түсіндірді. Жауаптылар газ жүйесі тексеруден өтпейінше көгілдір отын тарату желілеріне табиғи газ жіберілмейді деп ескертеді. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар газдың болмайтыны жайлы сөнгенде бір-ақ білдік дейді. Ал жергілікті билік өкілдері болса, халыққа ескерттік деп сендірді.

Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі: «Аудандағы 17 мың абонентке газ беру тоқтатылды. Әлеуметтік желі арқылы барлық тұрғындарды ескерттік. Осы шаралар барысында қыс мезгілінде уайымдамайтындай тұрғындар  газ шаруашылығымен келісімшарт түзіп, газ құрылғыларын  ағымдағы тексертуден өткізіп аулары керек. Газ шаруашылығы  көлілдір отынды  3 шілдеде береміз деп уәде берді. Тұрғындарға да  байланысты».