DiVera әйелдерге қатерлі ісікті жеңуге көмектеседі

100

Шымкентте бірегей орталық әйелдерге ауыр дерт — сүт безі қатерлі ісігін еңсеруге көмектеседі.

Айта кету керек, толық скринингпен қоса 10 маусымнан бастап мұнда шағынинвазиялық ота жасайды. Арнайы блок DiVera маммологиялық орталығының базасында ашылды. Тегін медициналық көмек көрсету кепілендірілген көмек аясында 3 мыңнан астам әйелдер орталықтың базасында тексеруден өтті.

Сүт безі қатерлі ісігі бүгінде әлемде әйелдер арасында кеңінен таралған қатерлі ауру болып табылады. Шымкент азаматшаларын сүт безі ауруының диагностика мен емдеу бойынша жоғары сапалы қызмет түрімен қамту мақсатында біздің шаһарымызда DiVera маммологиялық орталығы ашылған болатын.

Ержан Сүлейменов, DiVera медициналық орталығы желісінің бас директоры: «Маммология орталығында бүкіл сүт безі ісіктерінің диагностикасы және емі жүреді. Бізде амбулаториялық медициналық көмек толықтай көрсетіледі.  Сүт безіне егерде скрининг кезінде қатерлі ісік анықталса, емхана арқылы немесе ақылы ота жасатуға болады. Бізде білікті маммолог, онкологтар жұмыс істейді».

Заманауи жоғары дәлді құрылғы диагнозды аурудың алғашқы кезеңдерінде қоюға мүмкіндік береді. Кейде, диагностиканың барлық әдістер қолданылған кезде де. Жоспарда — имплантациялық отаға дейін қызмет түрлерін кеңейту қарастырылған.

Жайлы атмосфера, мейірімді персонал және жағымды салқындық — DiVera желісі клиникасының барлық клиенттерін осылайша қарсы алады. Бірегей орталық жергілікті халыққа толық қызмет түрін ұсынады- зерттеулерден емге дейін, кейінгі оңалту шаралары да қарастырылған.

Айта кету керек, қазірдің өзінде әйелдер медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде скринингті тегін өтуге мүмкіндігі бар. Осында келген әрбір әйел түсінеді- бұл күресте ол жалғыз емес. Ал сенім- жетістікке жетудің негізгі бір бөлігі.

«DiVera -да қызмет көрсету жоғары деңгейде. Мұндағы дәрігерлер өз ісін жақсы біледі. Кеңес беру қызметі де да бар екен, өте ыңғайлы. Орналасқан жері де маған ұнайды. Мұнда биоматериал алатын бекет- зертханасы да бар. Менің көңілімнен шықты, DiVera мамологиялық орталығы жайлы туыстарыма және таныстарыма айтатын болдым»,дейді қала тұрғыны.

DiVera маммологиялық орталығындағы ота блогы сүт безінің анықталған патологиялары бойынша пациенттердің ең жоғары деңгейде жедел ем қабылдауына мүмкіндік береді. Айта кету керек, проблемалар әйелдерде ғана туындамайды.

Бекболат Тоқжұманов, DiVera ЖШС -і маммологиялық қызметінің жетекшісі: «Шымкент қаласындағы DiVera маммологиялық орталығында ота жасайтын блок іске қосылды. Сүт безінің зарарсыз ісігі бойынша алғашқы ота жасалды. Бұл клиникада кешенді зерттеулерден толық өтуге мүмкіндік бар. Мұнда жоғары санаттағы маммолог, онколог, хирургтар бар. Клиникаға сүт безінде проблемалары бар еркектер де жүгіне алады. Гинекомастия ауруына да осы клиникада ота жасауға мүмкіндік бар».

Пациенттер скринингті демалыс және мереке күндерін қосқанда өздеріне ыңғайлы уақытта өте алады. DiVera маммологиялық орталығы мына мекенжайда орналасқан.

Шымкент қаласы, С. Бәйтереков көшесі 51/1, анықтама үшін тел. +7 701 961 41 72

№ 17006211 лицензиясы «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ 11.04.2017ж. берілген