Қаржы пирамидалары жұртты алдаудың жаңа әдісіне көшкен

242

Абайлаңыз алаяқ! Қаржы пирамидалары жұртты алдаудың жаңа әдісіне көшкен.

Финграмота орталығының хабарлауынша мұндай ұйымдар білім беру орталықтары ретінде жасырын жұмыс істей бастаған. Айтуларынша өздерін желілік маркетинг, краудфандинг немесе блокчеин-технологияларды оқытатын компания ретінде таныстырады. Тіпті тиімді инвестициялау бойынша тегін сабақтар өткізеді. Ал курс аяқталған соң, өздері әзірлеген трейдинг алаңға ақша құюды ұсынады екен. Бірақ тұрғындар табыс табудың орнына қаржысынан қағылады.Депутаттар қаржы пирамидасын жарнамалағандарға жазаны күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынған еді.

Шынар Оразова