Шымкент қаласының әкімі ресейлік кәсіпкерді қабылдады

76

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «TDL Textile» компаниясының құрылтайшысын қабылдады. Аталмыш компания – табиғи маталар, үй тоқымасын және медициналық өнімдерді өндіретін ресейлік жетекші кәсіпорындардың бірі.

Кездесу барысында қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтасты айта отыра, Шымкентте тоқыма өнеркәсібін дамыту жайын сөз қылды. Үшінші мегаполиста жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі ұлғайып, ел ішінде бірінші орын алғанына атап өткен шаһар басшысы ресейлік кәсіпкерді жаңа жобаларды бірлесе жасауға шақырды.

Ал ресейлік кәсіпкер «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта (АЭА) орналасқан «Azala Cotton» тоқыма фабрикасының жұмысымен танысып шығыпты. Әрі алдағы уақытта ортақ жұмыс жасауға мүдделілік танытып отыр.

 Мөлдір Ибадуллаева