Кеше Созақ ауданының Екпінді-Бірлік автожолының 144-531 шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Бұл туралы хабарлама аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне сағат 11.20-да келіп түсті. Оқиға орнына бірден ТО ПД-нің криминалистері мен анықтаушылары және жедел тергеу тобы шықты.
Полиция қызметкерлері «Лада-Приора» мен «Фольцваген-Гольфтің» соқтығысқанын анықтады. Оқиға орнында 2 жеңіл көлік жүргізушілері яғни Шымкент қаласы мен Жамбыл облыстарының тұрғындары және 5 жолаушы көз жұмды. Ал жарақат алған 1 адам аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Аталған жайт аудандық бөлімінде СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың барлығы ер азаматтар екенін растады, бүгінде олардың жеке бастары мен жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталуда.