Түркістанда ағын суды үнемдеу үшін «ақылды технологиялар» пайдаланылады

183

Түркістан облысында су тапшылығын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асып, ағын су мәселесі сауатты шешілуде. Облыс орталығы шөлейтті аумақта орналасқандықтан қаланың микроклиматын өзгерту үшін қала көшелерін суландыру жүйесі іске қосылды.

Түркістан қаласы аумағындағы аудан¬дарда су тапшылығын шешу мақсатында, ірі су нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде «Түркістан магистралды кана¬лын¬да күрделі жөндеу», «Кеңсай – Қосқор¬ған-2» су қоймасын салу, «Жетікөл көлдер жүйе¬сін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, ағын су тапшылығының тәуекелділігі әлі де жоғары екенін ескеріп, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жоба¬лары әзірленіп жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл жобалардың Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз ететін болатынына сенімді. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Жүргізіліп жатқан жаңа суландыру жүйелерімен танысып, жауапты басшылалға тиісті нұсқаулар берді. Суландыру жүйесі Түркістан қаласындағы Құлан ақын көшесі мен Яссы көшесі аралығындағы көшелерге, Ақан сері көшесі мен Ынтымақ көшесі аралығындағы көшелерге, Яссы мен Б.Саттарханов даңғылы аралығындағы көшелерге жүргізілген. Сондай-ақ облыс әкімі Батыс-Қытай тас жолы мен Жібек жолы көшесі аралығындағы шаруашылық каналын абаттандыру және Майкотов көшесіндегі каналды «Денсаулық саябағы» алдындағы каналға қосу жұмыстарымен танысты.

Түркістан қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін шаһар толығымен абаттандырылады. Ағын суды үнемдеу үшін «ақылды технологиялар» пайдаланылады. Қаладағы қуарған жерлерге қуат бітіп, бос жатқан жерлерге ағын су келе бастады. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен 134 тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осылайша, агросаланың алаңы артып, егіс алқаптарын суландыру мәселесі шешіліп келеді.