6 вагон мал азығын Маңғыстауға жеткізу қиын болып тұр

165

Маңғыстау облысында қырылып жатқан малдарды аман алып қалу үшін Түркістан облысында басталған асар әлі де жалғасуда. Құрмет Талапқазы бастаған еріктілер Алматы облысы, Шымкент қаласынан да келіпті. Бірақ, олар жинаған шөптен әзірге ешкімге пайда болмай тұр. Себебі тиелген 6 вагон мал азығы орнынан жылжымаған.

Маңғыстау облысында қырылып жатқан малдарды аман алып қалу үшін Түркістан облысында басталған игі іс әлі де жалғасып жатыр. Еріктілерді жан-жақтан жинап тұрған бұл топ мүшелері күн сайын өзгереді. Тек көмекті бастаған Құрмет Талапқазы ғана екі аптадан бері игі істің басында жүр. Алтайдың арғы жағынан келген қандасымыз төрт-түліктің жұты жан шыдатпады дейді. Бірақ, оның бұл дабылына қарсы шыққандар да табылыпты.

Құрмет Талапқазы, белсенді: «Астанадан звондады да. Абайлап сөйле, бауырым дейді да. Қатты кетіп қалма дейді. Әлеуметтік желіде атаққа ие болып жатыр екенсіз. Шу қылма дейді. Хайп үшін  жасап жатқан жоқпын.  Мен әкім де, құрметті азамат ордені дей ма? Құдай сақтасын, маған ондай керек емес».

Еске салайық, 14 күн бұрын әлеуметтік желіде жас жігіттің жанайқайы тараған еді. Батыстағы малдың қырылуына бей-жай қарамаған Құрмет кейін өзі шөп оруға кірісті. Іле-шала қолдау көрсететіндер да табыла кеткен. Солардың бірі Алматы облысынан келген Мұрат Солтанбай. Ол отадан екі апта бұрын ғана шыққан.

Мұратбек Солтанбай, ерікті:  «Бүгін таңертең келдім. Жататын жер ондайды әлі анықтаған жоқпыз. Далада болса да жата беремін. Сол мақсатпен сол ниетпен келдім ғой. Жұмыс науқаны аяқталғанша боламын. Аяғына дейін боламын. Батысқа шөп келді деген кезде қайтамын үйге».

Оспан Иманбердиев, Түркістан қаласынан келген ерікті: «Түркістаннан келдім. Осы бүкіл халық болып мынау малды аман-есен алып қалайық. Жоғарыдағы Үкіметтен пайда болып жатқан жоқ».

Еріктілер сөзінше елден жиналған қаржы 2 млн. теңгеге жеткен. Қала берді шөбін беруге дайын шаруалар Өскемен, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облысынан да хабарласыпты. Асар басталғалы Сарыағаш ауданында 10 мыңға жуық бума шөп жиналыпты. Алайда оның біреуі де әлі Маңғыстауға жетпепті. Себебі тасымалға қаржы жетпей тұр дейді қайырымдылық шарасының ұйымдастырушысы.

Құрмет Талапқазы:  «Мен Шөкеев мырзаға бардым. Бірақ, ол кісі бір облысты басқарып отыр. Не деген жұмыстары бар. Бірақ, ол кісіге жолыға алмадым. Камаз мәселесі пойыз жағасына жеткізетін. Теміржол мәселесі бізге қиын болып жатыр».