«Ақшаңызды көбейтіп береміз» деп алдап кеткен компания қызметкерлері ұсталды

123

 

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгілі бір компания қызметкерлері ақшаңызды көбейтіп береміз деп, қаржыны өздерінің есеп-шоттарына салдырып алып, иемденіп кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі