«Бекжан» базары маңында болған жол апатынан үш адам көз жұмды

197

Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Адамдардың өмірін жалмаған апат Алматы тас жолының бойында, Бекжан базарына қарама-қарсы жерде болған. Опель автокөлігі мен екі Камаз жүк көлігі соқтығысты.

Қайғылы оқиға болған жерден келген тілшінің хабарлауынша, шақыртуға келген жедел жәрдем дәрігерлері Опель көлігінде үш адамның қаза болғанын хабарлаған. Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа Opel автокөлігінің жүргізушісі кінәлі – ол қарсы жолаққа шығып кеткен.