Азық-түліктің қымбаттауы бүгінгі таңда ел үшін үлкен алаңдатушылық туғызып отыр. Әсіресе күнделікті қолданылатын көкөністердің бағасы шарықтап кеткен. Дегенмен, картоп бағасы нарықта тұрақталып келетіні байқалады.
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз бағасына қатысты болжам жасады. Оның айтуынша, көкөніс тапшылығы тек біздің ғана емес, өзге көршілес мемлекеттерде де туындап жатыр екен.
Бақыт Сұлтанов, Сауда және интеграция министрі: «Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде айтарлықтай бірнеше есеге төмендейді деп күтеміз. Сәбіз мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема. Бізде қалыптасқан бағаның бір бөлігі импорттауымыздан пайда болды. Өйткені көрші Өзбекстан да, Ресей Федерациясы да сәбізге сұраныс тудырып отыр».
Осылай деген министр, биыл еліміздің барлық өңірінде сәбіз өнімінің жетпіспеушілігі байқалатынын алға тартады. Оған басты себеп — егіс алқаптарының қысқаруы.
Камила Есенғали