Шымкент ауруханаларында орын тапшылығы сезілуі мүмкін

117

Еліміздегі 5 өңірде науқастарға ауруханадан орын жетпей, төсек-орын тапшылығы сезілу мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Сөзінше, тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда облыстары тұр.

Алейсей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Ем алып жатқан науқастардың саны 2 есе көп. Қазір еліміз бойынша 90 мыңдай адам ауырып жатыр. Оның 25 мыңы – стационарда, 65 мыңнан астамы амбулаторлық ем алуда. Шілденің басындағы жағдаймен салыстырғанда ауыр жағдаймен түскендердің саны екі есе көбейді. 1000-ға жуық науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр».

Сонымен қатар, ведомство басшысы бірнеше аймақтың денсаулық сақтау жүйесі жоғары жүктемемен жұмыс істеп жатқандығын алға тартты. Оның айтуынша, шілде айының басындағы жағдайға қарағанда қазір ауырып жатқандардың саны едәуір артқан.

Әлихан Файзханов