ҚАУЛЫ
Шымкент қаласы
28.07.2021. № 25
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №67), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №13), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №68), «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №26), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №28), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдесіндегі №31 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №31), Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 27 шілдедегі хаттамасы, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 1 шілдесіндегі № 20 қаулысына (әрі қарай — Шымкент қаласының БМСД № 20 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Шымкент қаласының БМСД № 20 қаулысына 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
3. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
4. Осы Қаулы 2021 жылғы 2 тамыз 00.00 сағаттан бастап қолданысқа еніп, 2021 жылғы 16 тамызды қоса алғанда заңды күшінде болады.
А.Тулебаев,
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері