Жалған вакцина паспортын сату бойынша 35 хабарландыру бұғатталды

165

Интернетте жалған вакцина паспортын сату бойынша хабарландыру тыйылар емес. Осы күнге дейін полицейлер 35 хабарландыруды бұғаттаған.

Жауаптылардың айтуынша, соңғы уақытта екпе салдырмастан, жалған құжат жасайтын азаматтар көбейген. Алайда мамандар ондайлар вирустың таралуына себепкер болуы мүмкін.

Жыл басынан бері погондылар полимеразды тізбекті сынама қорытындысы мен вакцина паспортын қолдан жасаудың, сондай-ақ, оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді.

Шұғыла Тұрлыбек, ІІМ баспасөз өкілі: «Мысалы, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясына кетуін рәсімдеу кезінде вакцина паспортын жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тінту кезінде ұйымдастыру техникасы, мөрлер және бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды. Жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған».

Әлихан Файзханов