МӘМС: Пандемия кезеңінде медицина қызметкерлеріне үстемақы төленді

69

COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында пандемия жағдайында іс-шараларға бөлінген қаржы және 2021 жылдың 1 жарты жылдығында нақты орындалған шаралар  туралы  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры  Сәбит Құралбек баяндап берді.

«2021 жылдың 5 тамызға ҚР-да COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында пандемия жағдайында іс-шараларды төлеуге бөлінген қаржы 9 686,87 млн. теңгені құрайды. Атап айтқанда ТМККК шеңберінде – 8 228,47 млн. теңге, МӘМС жүйесінде -1 458,4. Оның ішінде:
1 COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу – 2 536,03 млн. теңге. 1 жарты жылдықта 2 399,75 млн. теңге игерілді (94,6%).
2. Карантиндік жатқызу – 49,34 млн. тенге. 1 жарты жылдықта 3,63 млн. тенге игерілді (7,35%).
3. COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау субъектілерінің немесе медициналық емес ұйымның қызметкерлеріне 5 215,62 млн.тенге үстемақы төленді.

4. Амбулаториялық және стационарлық деңгейде полимеразды тізбекті реакция әдісімен биологиялық материалдан COVID-19 вирусының РНҚ анықтауға диагностикалық зерттеулерге бөлінген жалпы сома 1 578,43 млн.теңге.

2021 жылдың 1 жарты жылдығында амбулаториялық және стационарлық деңгейде ПТР тестілеу 1 461,15 млн.теңгеге жүргізілді (92,6%). ТМККК шеңберінде 402,39 млн. теңгеге шарт жасалды, 2021 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша 385,81 млн. теңгеге қызмет көрсетілді. Ал МӘМС жүйесінде 1 176,03 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып,1 жарты жылдық қорытынды бойынша 1 075,34 млн. теңгеге қызмет көрсетілді (91,4%).

Пандемия жағдайындағы іс-шараларда COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында МСАК деңгейінде мобильді бригадалар құрылды. 2021 жылы мобильді бригадаларды қаржыландыруға 296,77 млн.теңге бөлінді. 2021 жылдың 1 жартыжылдығында мобильді бригадалардың қызметі 114,16 млн. теңгеге көрсетілді (38,4%). Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 19,30 млн.теңгеге шарттар жасалды, 1 жарты жылдықта нақты орындалған 5,79 млн. теңге (29,9%), ал міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінде 277,46 млн. теңге сомаға шарттар жасалды. 2021 жылдың 1 жарты жылдығында нақты орындалған сома 108,37 млн.теңгені құрады (39%).

Науқастарға үйде қызмет көрсету бойынша шығындарды жабуға 2021 жылы «COVID-19 үйдегі Стационар» лоты бойынша 10,69 млн.теңгеге шарт жасалды. 1 жарты жылдықта 684,72 мың теңге игерілді. ТМККК шеңберінде 5,78 млн. теңгеге келісім шартқа тұрып, оның 490,0 мың теңгесі нақты жаратылды. МӘМС жүйесінде 4,91 млн. теңгеге шарт жасалып, оның 194,71 мың теңгесі нақты орындалды.

Айта кету керек, қызметкерлерді қаржылай қолдауды жүзеге асыру үшін ДСМ бұйрығына сәйкес, қала әкімінің орынбасары бастаған Комиссия құрылып, комиссияның жұмыс тобы ДСБ болып табылады. Медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ұйымдардың басшылары Комиссияның қарауына ұсынған табельдерге сәйкес нақты жұмыс істеген уақыты бойынша, бекітілген НҚА – ға сәйкес 3-тәуекел тобы бойынша жүргізіледі (өте жоғары тәуекелдің 1 тобы – айына 850 мың теңгеге дейін, жоғары тәуекелдің 2 тобы – айына 425 мың теңгеге дейін, орташа тәуекелдің 3 тобы – 212,5 мың теңгеге дейін төленді).

2021 жылдың 6 айында іс жүзінде 5 048,59 млн. теңге сомасында үстемеақы төленді.

1 – тәуекел тобы 3950 МҰ қызметкерлеріне – 2 520,79 млн. теңге үстемақы төленді.
2 – тәуекел тобы 6435 МҰ қызметкерлеріне – 1 914,31 млн. теңге үстемақы төленді.
3 – тәуекел тобы 4356 МҰ қызметкерлеріне – 613,49 млн. теңге үстемақы төленді.

КВИ бар науқастарға медициналық көмек көрсетуде 24/7 режимінде жедел-жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыс істейді, инфекциялық стационарлардың, емханалардың, ПТР – зертханалардың медицина қызметкерлеріне үлкен жүктеме түсті.

Шынар Оразова