Сәкен Майғазиевтің лауазымынан босатылғаны туралы ақпар ресми түрде хабарланды

105

Шымкент қаласының мәдениет саласындағы кадрлық өзгерістер орын алды. Отбасылық жағдайына байланысты, өз өтініші негізінде Серғазиев Батырғазы Арғынғазыұлы «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» МКҚК директоры лауазымынан босатылды.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенованың бұйрығымен «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» МКҚК директорының міндетін атқарушы қызметіне Асқарова Мария Келесқызы тағайындалды.

Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды.