Үшінші мегаполис мектептері оқушыларды офлайн оқытуға дайын ба? Мониторингтік топ өкілдері ата-аналар тарапынан жиі қойылып жатқан дәл осы сұраққа жауап іздеу мақсатында шаһардағы білім ұяларын аралап шықты

Санитарлық талаптардың сақталуына аса мән берген мамандар мақсатымыз қауіпсіздікке көз жеткізу дейді.

Шымкент мектептерінің жаңа оқу жылына дайындықтары пысықталды. Мәслихат депутаттары, СЭС мамандары мен білім басқармасының өкілдерінен құрылған мониторингтік топ шаһардағы білім ұяларынын аралап шықты. Қазіргі таңда санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау үшін 6 мониторинг топ жасақталған. Басты мақсат-дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың қауіпсіздігіне көз жеткізу дейді сала жауаптылары.

Әйгерім Жұмақұлова,  Шымкент қалалық мәслихат депутаты: «Біз депуттаттар корпусының өкілеттігі, СЭС, білім басқармасынан барша топтар құрып, бүгіннен бастап мектептердің жаңа оқу жылына дайындықтарын көріп шықтық. Мұндағы мақсат ол кемшіліктерді тауып немесе оларға нұқып-шұқып көрсетіп немесе ол тексеріс емес. Тек барып, көріп айту болды. Және де көрген кемшіліктер болып жатса, оны тек жөндеуге өтініш жасадық».

Үшінші мегаполис мектептері офлайн форматқа толықтай дайынбыз деп отыр. Әр сыныпта антисептик, медициналық бетперде, сұйық сабын және қорғаныс құралдары қойылыпты.

Сондай-ақ, қаладағы білім ордаларына оқушылардың қауіпсіздігі үшін турникет орнатылған. Яғни, мекеме қызметкерлері мен оқушылары енгізілген база арқылы білім ұясына бейтаныс азаматтар кіре алмайды екен.

Әйгерім Жұмақұлова,  Шымкент қалалық мәслихат депутаты: «Олар бір қарағаннан түрлерін фиксировать етіп ашыла береді. Егер шеттен бір адам кіріп жатса, ол ашылмай қалады. Оны іс жүзінде көрдік 72 мектепте қателеспесем. Яғни, мектептің құрамы, мұғалімдер бір қарап өткеннен ашылды. Ал, біз өткен кезде ашылмай қалды. Ал, басқа мектептерде бұл база әлі толықтырылып жатыр деп айтты».

Бүгінде карантин шектеулеріне сай білім беру мекемелері «Ашық» жобасына қосылған. Сондай-ақ, есік алдында тұрған мектеп медбикесі балалардың қызуын өлшеп, санитарлық талаптардың орындалуын қадағалайтын болады.

                                     Мөлдір Ибадуллаева