Өрт сөндірушілер шақырту орнына 7 минутта жетті. 2021 жылы 26 тамызда, сағат 00:49-да «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданына қарасты Сапақ датка көшесіндегі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Шымқала» этноауылы аумағындағы өрт туралы хабарлама түсті.
Этноауылдың аумағында орналасқан 8 шаршы метр аумақты құрайтын қамыстан салынған сарай өртенген.
Өрт 01: 10 -да оқшауланып, 01: 19 -да толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖБ Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.