Төлебилік кәсіпкер павлония ағашын өсіріп, мол табыс тауып отыр

233

 

Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны Махалбай Ускенов павловния ағашын егуді қолға алды. Осы істі табыс көзіне айналдыруды ойлаған кәсіпкер 15 соттық жылыжайға әзірге мың дана ағаш көшетін отырғызған.

«Көшетті алдымен стаканда өндіріп алып жатырмын. Өніп шыққан көшетті жылыжайға отырғызып баптаймын. Бүгінде еккен көшеттер жайқалып, өсіп келеді. Бұл ағаш елді мекенді көгалдандырып, көркейтуге таптырмайтын ағаш екен. Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді 5-6 апта бойы гүлдеп тұрады. Ерекшелігі құрт-құмырсқа сияқты зиянкестерге бой бермейді. Павловнияның тағы бір ерекшелігі, басқа ағаштарға қарағанда оттегіні бірнеше есеге көп бөледі», – деді М.Ускенов.

Павлония жылына 5 метрге дейін өсетін ағаш. Аса ерекше күтімді қажет етпейтін, төзімді болып келеді. Бұл ағаш өте мол сұранысқа ие. Әсіресе, жиһаз дайындауға кең ауқымда қолданылады.

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі