Түркістан қаласына кіреберісте «Түркістан» жазуы бар ерекше стелла орнатылады. Қазіргі таңда оның аумағындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жақын арада пайдалануға берілетін нысанды аралаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ондағы жұмыстарды бақылады.
Стелланың биіктігі 11 метрге жетеді, жалпы алаңы 28 метрге созылған. Жаңа нысанға 70 жарықшам орнатылады.
Сонымен қатар, аймақ басшысы 5 мың орындық мешіт құрылысымен танысты. Ислам орталығы көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатыр. Құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған. Жалпы көлемі – 20 000 шаршы метрді құрайды.
Олжас Айдарбек