Президент жолдауында бағаны тұрақтандыру бойынша тапсырма берген еді.
Бұл үшін азық-түлік бағасын бақылау жөніндегі бірыңғай орган құрылмақ. Қазір мұндай міндетті бірнеше ведомство атқарып отырғаны белгілі. Дегенмен, құс өсірушілер одағы «өнім құнын арттыруға мәжбүрміз» дейді.
Қыстан қысылмай шығу үшін шаруаларға 650 мың тоннадай жемдік бидай қажет. Бірақ жем-шөп бағасы аспандап тұр. Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов азық-түлік корпорациясынан жемдік қор құруды сұрағанын айтады.Қысқа қарай жұмыртқа тағы 7 пайызға қымбаттауы мүмкін.
Ал мемлекеттен жәрдем болмаса, шаруалар құс басын азайтуға мәжбүр болады.