Сайрам ауданы 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

127

Бүгінде Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы 42 елдімекеннің 26-сы табиғи газбен қамтылған. Қазіргі таңда тағы бес елдімекенге көгілдір отын берілді.

Енді Қасымбек датқа, Әсіларық, Ошақты, Оразалиев, Теспе ауылдарының тұрғындары газ пайдалануға мүмкіндік алды. Жыл соңында елдімекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 74%-ға жеткізу көзделуде. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді.

Сондай-ақ, аудандағы 10-ға жуық елдімекенді газдандыруға облыстық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Мөлдір Ибадуллаева