Түркістан: Әуежайда цифрлық жеке куәлікті қолдануға болады

81

Енді Түркістан әуежайына азаматтар жеке куәлігінің түпнұсқасынсыз кіре алады. Ол үшін бар-жоғы «e-Gov Mobile» қосымшасына тіркеліп, цифрлық құжаттар сервисіндегі жеке куәліктің QR-кодын сканерлеу қажет.

Тіркеу бөліміндегі құрылғы дәл сол уақытта сізді деректер қорына тіркейді. Әзірше мұндай мүмкіндік тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Түркістан қалаларында ғана қарастырылған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бұл жүйе сынақтан өтуде. Сондықтан, азаматтар жеке куәлік түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүру міндеттеледі.

Диана Біржанова