Экспорттаушылар шекарадағы мәселені шешуді талап етуде

70

Қытайдың транзитті жүк көліктерін Қазақстанға кіргізбеу керек. Алматыда арнайы жиын өткізген отандық тауар экспорттаушылар осыны талап етті.

Өйткені шекарадағы мәселе әлі шешілер емес. Ахуал тек ушығып жатыр дейді. Яғни қытай тарапы қазақстандық кәсіпкерлердің тауарын әлі кіргізбей жатыр. Кейбірі кезегін 3 айдан артық күтіп тұр дейді.

Салдарынан тауар экспорттаушылар 10 миллиард теңгеден астам шығынға батқандарын айтуда. Сол үшін қордаланған мәселені жоғары деңгейде Үкіметтің көмегімен шешу керек дейді.

Егер бұған да көнбесе, Еуропаға, Ресейге, Қырғызстан мен Өзбекстанға тауар жеткізу үшін Қазақстанды басып өтетін Қытайдың транзитті жүк көліктерінде елімізге кіргізбеу керек деп отыр.

Шынар Оразова