Әскери бөлімде жарылыс болды

101

27 қазан күні сағат шамамен түскі 11:00-лерде Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан әскери бөлімде жарылыс болған. Алдын ала болжам бойынша гранаталар жарылып, 5 сарбаз түрлі дене жарақатын алған.

Әзірге жарылыстың нақты себебі айтылған жоқ. Қорғаныс министрлігі аталған оқиғаның орын алғанын растады.

«2021 жылғы 27 қазанда Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметші жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда. Оқиға бойынша тексеру басталды», – деді Қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Гүлдана Дәурен