Министр: Әлеуметтік мәні бар азық-түлік өнімдерінің бағасы тұрақты

131

Әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бойынша бағаны тұрақтандыру үшін 4,7 млрд. теңге бағытталды. 16 қазандағы жағдай бойынша 5,4 млрд. теңге айналымға түсіп, қаламызда мақсатты деңгей 114,9 пайызға орындалды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Оның сөзінше 20 мың тоннадан астам әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына сатып алулар жүргізілді. Бұл санаттағы азық-түлік тауарларының қатарына 19 өнім түрлері жатады.

«Айналым схемасына» қаламыздағы ірі сауда желілері тартылған. Қаламызда қазір мұндай келісімшарттар «Magnum Cash & Carry», «GraMad Hypermarket», «Фиркан» сауда желілерімен делдалдық ұйымдардың қатысуынсыз келісімшарт жүргізіліп отыр. Бұл жүйенің тиімділігі ескеріліп, ауыл шаруашыллық өнімдеріне форвардтық келісімшарттар түзу жоспарланған.

Әлихан Файзханов