Úı Jańalyqtar Ордабасы ауданы: Тұрақты жұмыс орындары ашылуда

Ордабасы ауданы: Тұрақты жұмыс орындары ашылуда

фото ОАӘБҚ

 

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы маңызды орын алады. Бұл сала ауыл тұрғындарының тұрақты табысын қамтамасыз етіп қана қоймай, ел экономикасына да елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуына негіз бола отырып, ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқарады.

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның мал саны тұрақты өсіп келеді. Ірі қара мал саны 84,9 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артқан. Бұл көрсеткіш мал шаруашылығында оң динамика байқалып отырғанын айғақтайды. Сонымен қатар, қой мен ешкі саны 476,2 мың басты құрап, 2,5%-ға артқан. Жылқы малының саны 34,2 мың басты құрап, 7,6%-ға өсіп, мал шаруашылығында әлеуеттің жоғарылағанын көрсетеді. Түйе саны 870 басты құрап, 2,6%-ға артқан, бұл да мал шаруашылығын әртараптандырудағы маңызды қадам. Ал құстардың саны 391,2 мың басты құрап, бір жылда 54,5%-ға өссе, бұл салада өндіріс көлемінің ұлғаюын байқатады. Бұл көрсеткіштер мал шаруашылығындағы тұрақтылық пен өсімнің айқын дәлелі болып табылады. Аудан тұрғындарының мал шаруашылығын дамытуға деген ынтасы артып келеді, саланы дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Сонымен қатар, бұл жетістіктер ауылдардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге септігін тигізуде. Ордабасы ауданында Еңбек саласындағы саясатты дамыту да басым бағыттардың бірі. Еңбек адамы бейнесін танымал ету мақсатында әрдайым аудандағы БАҚ беттерінде арнайы мақалалар жариялануда. Бұл өз кезегінде жастардың үлкендерден үлгі алып, ауыл шаруашылығы мамандығына деген қызығушылықтарын арттыруда. Ауыл шаруашылығы саласында еселі еңбек еткен аға буын өкілдерін үлгі етіп, мектептерде кездесулер ұйымдастырылуда. Бұл өз кезегінде еңбек адамына деген құрмет, қошеметтің жоғары болуынан болса керек.

Ордабасы ауданының мал шаруашылығын дамытудың басты бағыты – өнімділікті арттыру мен жаңа технологияларды енгізу. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде ауыл тұрғындарының табысы көбейіп, өңірдің агроөнеркәсіп кешені одан әрі өркендейді деген сенім мол. Болашақта да ауданның мал шаруашылығы саласы жаңа жетістіктерге жетіп, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға үлесін қосатыны айқын.

 

Мал өнімдерін өндіру саласында да тұрақты өсім байқалады. 10 айдың ішінде өндірілген ет көлемі – 13,6 мың тонна, сиыр сүті – 21,0 мың тонна, тауық жұмыртқалары – 9,6 млн дана болды. Бұл өнімдер аудан тұрғындарының азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне және өңірлік нарыққа жеткізілуіне мүмкіндік береді. Мал шаруашылығын дамыту бағытында бірнеше маңызды іс-шара жүзеге асырылуда: Мал азығын өндіру: 2025 жылы мал азықтық дақылдар 16,1 мың гектар жерге егіліп, 112,7 мың тонна өнім алынған. Бұл мал азығының жеткілікті мөлшерін қамтамасыз етеді және мал өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи технологияларды енгізу: Мал шаруашылығында жаңа техника мен құрал-жабдықтарды қолдану мал өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы кооперативтері: АӨК құрылуы арқылы мал шаруашылығындағы кооперативтік жұмыс дамып, өнімді тиімді ұйымдастыру мүмкіндігі туды. Осы салада тер төгіп, еңбек етіп жатқан жандар қатары көп.

Ордабасы ауданының мал шаруашылығын дамыту стратегиясы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, ауыл экономикасын нығайтуға және ауылдық жерлердегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құжат болып табылады. Бұл стратегияның негізгі мақсаты – мал шаруашылығы саласында тұрақты өсім мен өнімділікті қамтамасыз ету арқылы аудан экономикасын дамыту әрі ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту. Ордабасы ауданында алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытуда инновациялық әдістер мен заманауи технологияларды енгізуді көздейді. Бұл арқылы малдың өнімділігін арттырып, мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, асыл тұқымды малды көбейту арқылы өнім сапасын жақсарту мәселелері де назарға алынуда. Жоспарланған шаралар арасында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту, жем-шөп базасын кеңейту және өнімдердің сапасын бақылау бар. Бұл бағытта фермерлер мен шаруашылықтарға арналған субсидиялар мен қолдау бағдарламалары іске асырылуда. Ауыл шаруашылығының түрлі салаларын біріктіру арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту көзделген. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы арасындағы байланысты күшейту арқылы өндіріс тиімділігін арттыру қамтылуда. Бұл өз кезегінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экспорт әлеуетін кеңейтеді. Ордабасы ауданының мал шаруашылығын дамыту стратегиясы нәтижесінде ауыл тұрғындарының табысы артуда, жұмыс орындары көбеюде және ауыл экономикасы тұрақты дамуға бет бұрды. Сонымен қатар, бұл стратегия ауылда тұрақтылық пен әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуда. Болашақта аудан әкімшілігі мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін жаңа технологияларды енгізу, ветеринария саласын жетілдіру және ауыл тұрғындарының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыра бермек. Бұл – ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды қадамдар. Ордабасы ауданының мал шаруашылығын дамыту стратегиясы – аудан экономикасының тұрақты әрі тиімді дамуына бағытталған стратегиялық құжат. Ол ауыл тұрғындарының табысын арттырып, агроөнеркәсіп кешенін нығайтуға және ауылдағы өмір сапасын жақсартуға зор үлесін қосуда. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, ауданның өсімі мен тұрақтылығы сақталады деген сенім мол.