Өткен тәулікте 2096 адамнан вирус анықталды

49

Елімізде өткен тәулікте 2 096 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 886 982 жетті. Шымкентте тәулік ішінде 26 вирус жұқтыру дерегі анықталды. Ал Түркістан облысында бір тәулікте тіркелгендер саны 2.

1 қазандағы жағдай бойынша елде 60657 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 10 210 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 805 адамның жағдайы ауыр, ал 221 пациенттің халі өте ауыр. 139 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 654 566 адам, екінші компонентін 6 593 598 адам салдырған

Ал Шымкентте 526 689 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 426 388 алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 896 963, II компонентін 736 781 адам салдырған.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Шымкент қаласы сары, Түркістан облысы жасыл аймақта.

Жанерке Хумар