Президенттік олимпиаданың алғашқы кезеңі аяқталды

140

Бүгін Шымкентте жаратылыстану – математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың үздіктері марапатталды. Дәстүрлі түрде өткізілетін олимпиадаға биыл 187 оқушы қатысқан. Аталған байқау екі кезеңнен тұрады.

Шымкенттік оқушылар Президенттік олимпиадада жыл сайын белсенділік танытады. Бүгін олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен қатысушылар марапатталды. Үздік деп танылған оқушыларға құнды сыйлықтар табыстады.

Данил Олейников, Молда Мұса атындағы № 5 мектептің оқушысы: «Білімімізді шыңдауға мүмкіндік берген жобаға алғысымды білдіремін. Бүгінде соның арқасында 1 орынды иелендім. Алдағы уақытта осы сынды байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуге талпынамын. Екінші кезеңге өттім. Ұстаздық етіп, білімін нәрін аямаған аяулы ұстаздарым Диана Сабировна, Алена Игоровна, Татьяна Николаевнаға шын жүректен алғысымды айтамын. Болашақта техникалық мамандыққа оқуға түсу ойымда бар».

Жүлделі орынды иеленген оқушылар ата-аналары мен мектептегі ұстаздарына алғысын жаудырды. Үміткерлер арасынан үздік шыққан олар, мұндай байқауларға қатысу үлкен дайындықты талап ететін айтады.

Жанерке Садырхан, №2 Дарын мектебінің оқушысы: «Ата-анама, мектебіме алғыс айтамын. Өйткені олар менің 1 орын алғаныма өте қатты үлестері бар. Біздің бізді өте жақсы дайындады. Оларға алғыс айтамын әрине. Өте қобалжыдым, қорыққан кездерім де болды. Бірінші орын алған кезде қатты қуанып кеттім».

Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары қатыса алады. Білімді жастар жаратылыстану – математика пәндері бойынша бақ сынасады. Өңір мұғалімдері аталған бағыт бойынша үздік деп танылған оқушыларды байқауға өздері ұсынады.

Раушан Омарханқызы, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Дарын» орталықтың басшысы: «Барлық мектептердің басшыларына алғысымды білдіремін. Мұғалімдерге, ата-аналарға, балаларға алғысымды білдіремін. Себебі, біз міне Шымкент қаласы Қазақстан бойынша академикалық адалдықты сақтай отыруды көрсетіп жатырмыз. Ең мықты балалар жеңімпаз атанды. 27 бала бүгін марапаттадық».

Айта кетейік, ең жоғары ұпай жинаған 20 бала екінші кезеңде республикалық олимпиада жолдамасы үшін бақ сынайды.

Диана Біржанова