Сарыағаш: «Бюджетті игере алмағандарға шара қолданылады»

106

Сарыағаш ауданында жыл басынан бергі бюджеттің болжамды игерілуі 99,5 %-ға жетеді деп күтілуде. Бұл туралы ауданның қаржы және экономика бөлімінің басшысы Ғалымжан Мейманбаев мәлімдеді.

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев бюджет қаражатын игере алмаған мекеме басшыларына шара қолдану қажет екенін айтты. Сондай-ақ, статистика басқармасының басшысы Нұрқожа Бекжановтың сөзінше, аудан бойынша дәстүрлі негізде аралау кезінде санақ парақтарындағы сауалнамаларға жауап берілген.

Әлихан Файзханов