Қаладағы «Шаңырақ» отбасылық орталығы жыл басынан бері 10 мыңға жуық адамға кеңес берген. Аталған мекеменің жұмысы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға көмек көрсетуге бағытталған.
Биыл мекемеде 4893 азамат офлайн түрде, 5092 азамат онлайн түрде кеңес алған. Түрлі тақырыптағы 266 сабақ өткізілген. Сондай-ақ, 405 адамға жеке психологиялық консультация, 187 жанұяға құқықтық кеңес беру арқылы көмек көрсетілген.
ВИД:ДИАНА ЗАГ: «ШАҢЫРАҚ ОРТАЛЫҒЫ» 10 МЫҢ АДАМҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ