Шымкенттің 6500 абоненті газсыз қалды. Төтенше жағдай 30 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында Алматы айналма жолының бойында орын алған. Шақыру орнына авариялық бригада 22: 12 минутта жетті.
Сол сәтте белгісіз экскаватор-трактордың жер асты жоғары қысымды Ду-315мм полиэтилен газ құбырына зақым келтіргені анықталды. Қазіргі таңда газбен жабдықтаудан 35 бірлік коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, 6 өнеркәсіптік кәсіпорын ажыратылған.
Оқиғаның мән-жайын Абай аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері анықталуда.
Әлихан Файзханов