Төле би ауданы нағыз таланттардың мекені. Мұнда халықаралық деңгейде танылған суретшілердің де қатары көп. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Төлеби ауданы, Аққұм ауылында «Суретшілер үйі» ашылды.
Өнер орталығы осы өлкенің тумасы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Құттыбек Жақыповтың бастамасымен пайдалануға берілді. Мәдениет үйінде еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген өнер иелеріне Құттыбек Тыныбекұлының туындылары таныстырылды.
Айтулы көрмеге көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеті мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан халықаралық дәрежедегі сурет шеберлері қатысты. Олар өнер иесінің «Төлеби — Ұлы Дала мекенім» атты шығармашылық кешін тамашалады.
Жанерке Хумар