Түркістан облысындағы тарихи ескерткіштерге ерекше қамқорлық керек. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр.

Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесі отырысында талқыланды. Сондай-ақ, бұған дейін ұйымдастырылған «Түркістан ғажайыптары» экспедициясы нәтижесінде арнайы топ пен өлкетанушылар 10 экспедициялық сапарға шығып, 85 нысанды көріп, жай-күйін зерделегені айтылды.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры Жандос Құрбанның айтуынша әлі де аудан, қалаларда тарихи ескерткіштер мен орындарды қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет.

Мөлдір Ибадуллаева