2022-24 жылдар аралығында Ұлттық қордан 6,6 триллион теңге бөлінбек. Бұл қаражат есебінен қазақстандықтардың зейнетақысы төленеді. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс депутаттарымен кездесуде осылай деді.
Айтуынша, кейін қорды мұнай сатудың арқасында толтыру мүмкін болады. Ведомство мамандары жасаған болжамға сүйенсек, келер жылы 445 миллиард, ал 2024-те 1 жарым триллион теңге түседі. Нәтижесінде, Ұлттық қордағы ақша көлемі 61,6 миллиард доллардан асуы тиіс. Ал осы кезеңдегі бюджеттік шығындар 47 триллион теңгеден асып кетпек. Оның тең жартысы халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуге бағытталады.
Мәселен, денсаулық сақтау саласына 5,7 триллион, ғылымға 7 триллион болса, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын төлеуге 4,3 триллион теңге қарастырылған.
Шынар Оразова