90 мың көліктің салығы қайта есептеледі

90

Биыл қымбат тарифпен төлем жасаған 90 мың көліктің салығы қайта есептеледі. Жеңілдік шағын жүк көлігі иелеріне қатысты. Енді олар үшін салық есептеу тәртібі қайта қаралды. Тиісті заңды Мәжіліс мақұлдады.

«Газельдерге» салық көліктің қозғалтқыш көлеміне емес, жүк көтергішіне байланысты есептеледі. Бұл норма биыл күшіне енеді.

Егер салық қайта есептелсе, оның мөлшері автокөліктің моделіне қарай 2 есе, тіпті кейбірінде 6 есеге дейін азаяды. Ал көлік иесі үшін салық 5 мың теңге мен 115 мың теңге көлемі аралығында қайтарылады.

Шынар Оразова