Алкоголь өнімдерін шығаратын цех астыртын жұмыс істеп келген

31

Шымкент қаласында алкоголь өнімдерін шығаратын цех астыртын жұмыс істеп келген. Цехты 28 жасар шымкенттік тұрғын ұйымдастырған, ол қаладағы Дербес көшесінде орналасқан кафеде өз ойын жүзеге асырған.

Жасырын жұмыс істеген цехты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері анықтап, қызметін тоқтатқан.

Тексеру барысында құрамында спирті бар 1200 л сұйықтық және 6 түрлі атаулы 1000 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, жыл басынан бері аумақтық департамент 11 астыртын цехты анықтаған.

Гүлдана Дәурен