Оралда «ЗападСтройКазахстан» кәсіпорны 170 миллион теңге мөлшерінде салық төлеуден жалтарған. Серіктестік басшысы тергеу изоляторының мердігерімен құрылыс материалдарын жеткізу туралы жалған келісімшарт жасасқан.
Іс жүзінде қызмет көрсетілмей, тауар тиелмей, жалған шот-фактура толтырылған. Құрылыс та тоқтаған. Мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірген кәсіпорын басшысы 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.
Шынар Оразова